Президент сайлауы: бес сағатта сайлаушылардың 38,55 пайызы дауыс берді
Түркістан, Ұлытау және Абай облыстарының тұрғандары сайлауға белсенді қатысып жатыр
Кезектен тыс президент сайлауында бес сағатта 4,6 миллион қазақстандық дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша республиканың 4 606 596 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың – 38,55%-ы, - деді ОСК мүшесі.
Оның ішінде:
- Абай облысы – 43,67%,
- Ақмола облысы бойынша – 40,13%,
- Ақтөбе облысы – 44,48%,
- Алматы облысы – 25,83%,
- Атырау облысы – 40,42%,
- Батыс Қазақстан облысы – 27,55%,
- Жамбыл облысы – 41,29%,
- Жетісу облысы – 42,18%,
- Қарағанды облысы – 44,99%,
- Қызылорда облысы – 43,46%,
- Қостанай облысы – 42,87%,
- Маңғыстау облысы – 41,19%,
- Павлодар облысы – 44,23%,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 43,64%,
- Түркістан облысы – 64,21%,
- Ұлытау облысы – 52,22%,
- Шығыс Қазақстан облысы – 41,86%,
- Астана қаласы – 19,33%
- Алматы қаласы – 16,89%
- Шымкент қаласы – 34,41%.
Айта кетейік, сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Қазақстанда 11 млн 950 мың 485 адам дауыс бере алады.
Еске салайық, сайлауға 6 кандидат қатысып жатыр.