Қазақстандық танымал актер ММА-да дебют жасап, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

Халық үні

Төлепов жоспарланған үш раундтың біріншісінде жеңіске жетті

Фото: vesti.kz

Қазақстандық танымал актер Асылхан Төлепов ММА-дағы дебютін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол Алматыда өткен «Октагон 37» турнирінде өнер көрсетті. Қарсыласы әзербайжандық Махарам Ахмедов болды. Төлепов жоспарланған үш раундтың біріншісінде жеңіске жетті.

Айта кетейік, 30 жастағы актер «Жаужүрек мың бала», «Томирис», «Балалық шағымның аспаны», «Финансист» және басқа да фильмдердегі рөлдері арқылы танымал.