Halyq Uni логотип
×

Ақтауда мысыққа қатыгездік жасаған күдіктінің ісі прокурорға қайтарылды (ВИДЕО)

Ол қатаң жазаға тартылуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 18.11.2022 | 16:42
Ақтауда мысыққа қатыгездік жасаған күдіктінің ісі прокурорға қайтарылды (ВИДЕО)
Скрин видео

Ақтауда мысыққа қатыгездік жасаған күдіктінің ісін сот прокурорға қайтарды, деп хабарлады «Мой город» порталы.

Қылмыстық істер жөніндегі облыстық сот алқасы Ақтау қалалық соты шығарған үкімді қайта қарады.

Бірінші инстанциядағы соттың үкімі жойылды. Қала прокурорының апелляциялық өтінішхаты қанағаттандырылды. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу туралы мәселені шешу үшін прокурорға қайтарылды, - деп жазылған сот шешімінде.

Енді прокуратура күдіктіге жазаны қатаңдату туралы мәселені қарастыруы мүмкін.

Айта кетейік, оқиға 4 қазанда болған. 35 жастағы күдікті мысыққа қатыгездік жасап, қамауға алынған еді. Кейін ол теріс әрекетін мойындап, мас болғанын айтты.

Соттың үкімімен ер адам 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылатын болды. Алайда адвокат бұл үкімге қарсы шыққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама