×

Астанада алаяқтықпен айналысқан студенттер анықталды

Олар достары мен таныстарын алдаған

 Дәурен Ерболат 18.11.2022 | 11:38
Фото: polisia.kz

Елордада алаяқтықпен айналысқан 2 студент ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

19 жастағы күдіктілер «бизнеспен» айналысып, 19 адамды сан соқтырған. Оның арасында достары мен группаластары, таныстары бар.

Студенттер қылмыстық схеманы ойлап тауып, достарына банктен тауарды кредитке алуды ұсынған.

Олар ұялы телефондардың соңғы нұсқасын алып отырған. Күдіктілер жәбірленушілерге банкте сенімді адамдары барын айтып, кейін кредитті жауып тастауға болады деп сендірген. Студенттер бұл қызметі үшін адамдарға 100-200 мың теңге төлеген. Олар жаңа ұялы телефондарды алғаннан кейін сауда үйлеріне барып сатқан, - деп жазылған хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілерді Есіл аудандық полиция қызметкерлері ұстады. Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктілердің әрекетінен қанша адам зардап шеккені әрі залал сомасы анықталуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама