×

Петропавлдағы зауытта шыққан өрт сөндірілді

Кәсіпорында электр оқшаулағыш материалдар өндіріледі

 Дәурен Ерболат 18.11.2022 | 11:06
Фото: CҚО ТЖД

Петропавлдағы зауытта шыққан өрт толық сөндірілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

СҚО ТЖД мәліметінше, зауыт қаладағы Крепостная 2 көшесінде орналасқан.

«Изолит» компаниясына тиесілі бір қабатты цехтың техникалық шахтасында (бетон қабырғалар, биіктігі – 12 м) лакты мата мен электр оқшаулағыш материалдарды өндіретін жабдық жанған. Өрттің ауданы – 144 шаршы метр. Оқиға орнынан 4 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт таңғы сағат 5:36-да сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Мамандар зауыттағы өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.

Айта кетейік, кәсіпорындағы өрт 18 қарашаға қараған түні сағат 03.00 шамасында басталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама