Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Халық үні

Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырды деген айып тағылды.

Фото: hommes.kz

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартты.

«2022 жылы 17 қарашада сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуды санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды»,-  делінген сот хабарламасында.

21 сәуірде Алматы мәслихатының депутаты жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды.

Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырды деген айып тағылды.