Ыстанбұлдағы жойқын жарылыс: күдікті әйел ұсталды

Халық үні

Бейоглу ауданында жарылғыш зат салынған пакетті қалдырған  адамды Ыстанбұл қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері ұстады

Фото: gazeta.ru

Түрік полициясы Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль көшесінде жарылғыш зат қалдырған әйел адамды ұстады. Бұл туралы Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.

Бейоглу ауданында жарылғыш зат салынған пакетті қалдырып кеткен адамды Ыстанбұл қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері ұстады. Одан жауап алынып жатыр, - деп келтіреді министрдің сөздерін Anadolu Agency.

Сойлудың айтуынша, тергеушілерде бұл теракт екенін және оны Анкарада террористік ұйым болып танылған күрттер қозғалысы ұйымдастырғанын растайтын дәлелдер бар.

Айта кетейік, бұған дейін Ыстанбұлдағы орталық көшелердің бірінде болған жарылыстан 4 адам қаза тауып, 38 адамның жарақат алғанын хабарлаған болатынбыз. Кейін жарылыстан қаза тапқандар саны 6-ға жетіп, 53 адам жараланғаны анықталды