×

Ыстанбұлда жарылыс болды: 4 адам қаза тапты, 38 адам жарақаттанды

Ыстанбұл губернаторы Али Йерликая Twitter-дегі парақшасында жарылыстан 4 адам қаза болып, 38 адамның жарақаттанғанын хабарлады.

 Халық үні 13.11.2022 | 21:22
Фото: aa.com.tr

Ыстанбұлда жарылыс болып, 4 адам қаза тапты, 38 адам жарақаттанды

«Ыстанбұлдағы Таксим алаңына шығатын Истикляль көшесінде жарылыс болды. Жарылыс салдарынан көп адам зардап шеккен. Оқиға болған жерге жедел жәрдем бригадалары жіберіліп жатыр. Қауіпсіздік күштері ауданды қоршауға алған»,- деп хабарлады NTV телеарнасы.

Жарылыс себебі әзірге белгісіз. 

Ыстанбұл губернаторы Али Йерликая Twitter-дегі парақшасында жарылыстан 4 адам қаза болып, 38 адамның жарақаттанғанын хабарлады

Серіктес жаңалықтары

Сараптама