Ыстанбұлдағы жарылысқа қатысы бар болуы мүмкін әйелдің суреті жарияланды

Халық үні

Түркияның  OdaTv порталы Ыстанбұлдың Истикляль көшесіндегі жарылысқа қатысы бар болуы мүмкін әйелдің суретін жариялады

Фото: КП

Түркияның  OdaTv порталы Ыстанбұлдың Истикляль көшесіндегі жарылысқа қатысы бар болуы мүмкін әйелдің суретін жариялады.  Порталдың мәліметінше, әйел көшеде жарылғыш зат салынған пакет қалдырып кеткен.

Odatv порталы қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, жарылыстың оқиға орнындағы бомба салынған пакеттен болғанын хабарлады. Пекетті бойы 1,65 см әйел қалдырып кеткені анықталды, – делінген мәліметте.

Сондай-ақ портал Истикляль көшесіндегі жарылыстан кейін тағы бір күдікті түйіншек табылғанын хабарлады. Ол залалсыздандырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Ыстанбұлдағы орталық көшелердің бірінде болған жарылыстан 4 адам қаза тауып, 38 адамның жарақат алғанын хабарлаған болатынбыз. Ал қазіргі кезде жарылыстан қаза тапқандар саны 6-ға жетіп, 53 адам жараланғаны анықталды.