Halyq Uni логотип
×

Ыстанбұлдың туристік орталығындағы жойқын жарылыс: Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандар мен жараланғандардың ішінде қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатқанын хабарлады

 Халық үні 13.11.2022 | 22:27
Ыстанбұлдың туристік орталығындағы жойқын жарылыс: Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Фото: YASIN AKGUL

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ыстанбұлдағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады.

Төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандардың ішінде қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатқанын хабарлады.

«Түркияның құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жексенбі, 13 қарашада Ыстанбұлдың туристік орталығында жарылыс болып, оның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 4 адам қаза тапты, 38 адам жарақаттанды.

Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдары мен қала мэриясымен байланыста», - делінген СІМ мәлімдемесінде. 
Айта кетейік, бұған дейін Ыстанбұлдағы орталық көшелердің бірінде болған жарылыстан 4 адам қаза тауып, 38 адамның жарақат алғанын хабарлаған болатынбыз. Ал қазіргі кезде жарылыстан қаза тапқандар саны 6-ға жетіп, 53 адам жараланғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама