×

Қаңтарда ұрланған қару-жарақтар Жетісудағы зират маңынан табылды

Табылған қару сараптамаға жіберілді

 Халық үні 12.11.2022 | 16:49
Фото: polisia.kz

Алматыда ұрланған қаруды полицейлер Жетісу облысындағы зираттың маңынан тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қарашаның 11-і күні Жетісу облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ІІД-нің көмегімен Көксу ауданындағы Мұқыры асуы маңында жасырылған қару қоймасын анықтады.

Атап айтқанда, ол жерден екі ойық ұңғылы қару мен әртүрлі қару-жарақтың 300-ден аса оқ-дәрісі, сондай-ақ оқ өткізбейтін кеудешелер табылды. Арнайы мәліметтер базасын тексере келе, табылған карабиндер мен оқ-дәрілердің қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы қару сататын дүкендердің бірінен ұрланғаны анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісінде. Қазір тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама