×

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса жансақтау бөліміне түсті

Ертең оның жүрегіне операция жасалады

 Халық үні 11.11.2022 | 23:08
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса жансақтау бөліміне түсті. Ертең оның жүрегіне операция жасалады. Бұл туралы депутат әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Қарашаның 9-ына Мәжілістің жалпы отырысында мазамыз кетсе де шыдап, кездескісі келген журналистерге де, түскі асқа да қарамай, жедел ауруханаға жеткенбіз. Президенттің іс басқармасына қарайтын Медициналық орталық дәрігерлері бірден кардиограммаға түсірді де, жүректен бастап, бәрін түгел тексереміз деп бірден жатқызып тастады. «Бүгін үйге барып, ертең киім ауыстырып келем» дегенге де жібермеді. Тіпті, бүгін коронарография тексеруінен соң палатама қайта жібермей, сол жерден бірден реанимацияға әкеліп жатқызып қойды. Ертең сенбі күні таңертең сағат 9-да жүректің негізгі 3 тамырына шунтирование операциясын жасайды. Шұғыл операция жасамаса болмайды дейді. Бір Алла жар болсын!», - жазды қоғам белсендісі.

Айта кетейік, қоғам белсендісі, ақын Қазыбек Иса әлеуметтік желіде өте белсенді, әлеуметтік мәселелер талқысынан шет қалған емес. Елорданың атауын Нұр-Сұлтаннан қайтадан Астанаға ауыстыру ыңғайсыз шешім екенін айтып, орнына «Алтын Орда» немесе «Алаш Орда» деп қоюды ұсынған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама