×

Зеленский Херсон облысында әскери әкімшілік құруға жарлық шығарды

Құжат Ресей әскерінің Днепр өзенінің оң жағалауына шегінгені белгілі болғаннан кейін жария етілді

 Дастан Жұмабекұлы 10.11.2022 | 16:57
фото: kanaldom.tv

Украина президенті Владимир Зеленский Херсон облысында жұмыс істейтін төрт әскери әкімшілік құру жөніндегі жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.

Жарлық Ресей әскерінің Днепр өзенінің оң жағалауына шегінгені белгілі болғаннан кейін жария етілді.

9 қарашада Херсон жерінің жау уақытша басып алған сол жағалауындағы территориясында әскери әкімшіліктер құру туралы жарлыққа қол қойылды, – делінген хабарламада.

Президент Владимир Зеленский қол қойған №760/2022 жарлыққа сәйкес биліктің төмендегідей әскери әкімшіліктері құрылады:

Скадовск ауданында

Долматово селолық әскери әкімшілігі,

Голая Пристань қалалық әскери әкімшілігі,

Каховка ауданында

Каховка қалалық әскери әкімшілігі,

Крестов селолық әскери әкімшілігі.

9 қараша күні Ресей командованиесі Херсонда Днепрдің оң жағалауынан шегінетіндерін ресми түрде мәлімдеді. Оны РФ армиясының қолбасшысы Сергей Суровикин қорғаныс министрі Сергей Шойгуге майдандағы жағдай жөнінде есеп беру кезінде баяндап, солдаттарды аман сақтап қалу және тұтқынға түсіп қалудан сақтану үшін шегінуге рұқсат сұрап алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама