Алматыда қоғамдық көлікті бақылайтын 2 мың табло орнатылады

Дастан Жұмабекұлы

Қала әкімі бюджеттен ақша бөлінгенін айтты

фото: vlast.kz

Бүгін Алматыда Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев қоғамдық көлікті бақылайтын 2 мың таблоның орнатылатынын айтты.

Кездесуде аудан тұрғыны қала әкімінен аялдамаларда қоғамдық көлікті бақылайтын табло орнатуды сұрады.

Оған қала әкімі жауап беріп, таблолар қала аялдамаларына 2023 жылы қойылатынын ескертті.

«Келесі жылы 2 мыңдай табло орнатуды жоспарлап отырмыз. Бюджеттен ақша дайындап қойдық. «Оңай» траспорттық холдингімен қосылып, автобустардың жүру кестесін, нөмірлерін таблоға енгіземіз», –  деді әкім.