Қалада екі автобус соқтығысқан еді
Алматыда көлік апатынан кейін 21 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
«Оқыс оқиға салдарынан 9 адам қалалық ауруханаларға жатқызылды, барлығының жағдайы орташа, тұрақты. 6 зардап шегуші жедел жәрдеммен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, олардың барлығы ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 7 адам жеткізілді, көрсетілген медициналық көмектен кейін науқастар тұрғылықты жері бойынша емханаларға әрі қарай амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Қалалық жедел жәрдем ауруханасына 7 адам түсті, екеуі ауруханаға жатқызылды, 5 адам амбулаториялық емге жіберілді.
2013 жылғы науқас Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына қосарлас жарақатпен түсті. Оған жабық бас сүйек-ми зақымы, мидың шайқалуы диагнозы қойылды. Бала нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды, - деп хабарлады басқарма.
Бір адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Еске сала кетсек, қайғылы оқиға Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған.