Halyq Uni логотип
×

«АрселорМиттал Теміртау» басшылығы президенттің сынына жауап берді

Мемлекет басшысы кәсіпорында кешенді тексеріс жүргізуге тапсырма берген

 Дәурен Ерболат 08.11.2022 | 14:59
«АрселорМиттал Теміртау» басшылығы президенттің сынына жауап берді
Фото: inbusiness.kz

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына жауап берді деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Компанияның атқарушы вице-президенті Виджай Гоял барлық шахтаның қауіпсіздігіне тәуелсіз тексеріс жүргізілетінін айтты.

Үшінші тармақ сыртқы бағалауға қатысты. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтты. Аталған мәселе бойынша жұмыс істейміз. Тәуелсіз сарапшылар шахталарда болып жатқан барлық процедураға тексеріс жүргізіп, қауіпсіздікті сақтау үшін не істеу керектігін анықтайды. Мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бұл жұмысты жүргізуге ниетті екенін атап өткім келеді. Қазірдің өзінде 1 млрд доллар сомасындағы инвестиция оң әсерін тигізіп жатыр, - деді Виджай Гоял Қарағандыда өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтайуынша, инвестицияның басым бөлігі өндірістегі қауіпсіздікті күшейтуге және жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалмақ.

Еске сала кетсек, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада апат болып, 5 кенші көз жұмған еді. Ал кеше мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі шахтадағы апаттың жиілеуіне қатысты қатаң шара қабылдауды тапсырған болатын. Сондай-ақ қаза тапқан кеншілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетіліп, пәтер берілетіні хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама