×

Жетісу облысында танысын тонаған күдікті ұсталды

Полиция ер адамды бейнебақылау камералары арқылы тапты

 Дәурен Ерболат 08.11.2022 | 09:17
Фото: pixabay.com

Талдықорғанда танысын тонаған күдікті ұсталды деп хабарлады Polisia.kz.

4 қарашада Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде 37 жастағы ер адамды белгісіз біреулер тонап кеткен.

Ер адам ішімдік ішкен. Салдарынан оның күртесін, аяқ киімін, құжаттарын және телефонын алып кеткен. Ол мұндай әрекетке кім барғанын айта алмаған.

Көшедегі бейнебақылау камералары арқылы полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ұсталған 34 жастағы күдікті сол күні бір үстел басында отырған зардап шеккен ер адамның танысы болып шықты. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі («Тонау») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама