Әлем кубогы: жеті боксшы жеңіп, жетеуі жеңілді

Дастан Жұмабекұлы

Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер басталады

фото: vesti.kz

Германияның Кельн қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан Әлем кубогы үшін халықаралық турнирдің екінші күні Қазақстан құрама командасының жеті боксшысы келесі айналымға шығып, жетеуі қарсыластарына есе жіберді.

Ерлер арасында жартылай финалға Кенже Мұратұлы (51 кг), Абзал Құттыбеков (92 кг), Нұржан Амангелді (71 кг) мен Нұрлан Сапарбай (+92 кг) шықты. Ал Қайрат Ернұр (51 кг), Сұлтан Мусинов (63,5 кг), Армат Арманұлы мен Ермахан Жақпеков (екеуі де 71 кг), Жәнібек Қартбаев (80 кг), Мәди Әміров (92 кг) жарыспен қош айтысты.

Әйелдер арасында Сәния Сұлтанқызы (57 кг), Назым Ищанова (60 кг) мен Анастасия Баязитова (75 кг) жеңіске жетсе,  Мақпал Ерболатқызы (75 г) үшін де Әлем кубогы аяқталды.

Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер басталады.