Halyq Uni логотип
×

90 млн доллардың жанар-жағармайын шетелге сатқысы келген басшы сотталды

Оның кінәсі сотта дәлелденді

 Дәурен Ерболат 04.11.2022 | 10:30
90 млн доллардың жанар-жағармайын шетелге сатқысы келген басшы сотталды
Фото: ehonews.kz

Павлодар облысында 90 млн доллар болатын 100 мың тоннадан аса жанар-жағармайды шетелге заңсыз сатқысы келген компания басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

ҚМА Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны (165 тонна) «жанармай қоспасы» деген желеумен елден заңсыз әкету фактісін анықтады. Бензиннің жалпы құны – 54 млн теңге.  

Сондай-ақ құны 89 млн теңге болатын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистерна Өзбекстанға экспорттамақ болғанда компанияның заңға қайшы әрекеті анықталды.

Жалпы аталған компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 млн доллары көлемінде 100 мың тоннадан аса жанар-жағармай экспорттауды көздеген.

ЖШС директоры өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекетке берілді. Бұрын бензин сатудан түскен  54 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілді.Сот үкімімен компания директоры кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама