Halyq Uni логотип
×

Қаза тапқан кеншілердің отбасына пәтер беріледі – облыс әкімі

Бүгінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ына тиесілі барлық 8 шахта жұмысын тоқтатқан

 Дәурен Ерболат 03.11.2022 | 17:30
Қаза тапқан кеншілердің отбасына пәтер беріледі – облыс әкімі
Фото: metalinfo.ru

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Ленин шахтасында қаза тапқан 5 кеншінің отбасына 10 жылдық жалақы мен пәтер берілетінін айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтамын. Бұл – үлкен трагедия. Бүгін түнгі сағат 3-те Ленин шахтасында апат болды. Қазір «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ына тиесілі барлық 8 шахта жұмысын тоқтатты. Ертеңге 7 шахта жұмысын қайта бастайды. Қалған 1 шахтадағы жұмыс комиссия жұмысын аяқтағасын жанданады, - деді Жеңіс Қасымбек Қарағандыда өткен баспасөз мәслихатында.

Өңір басшысы апат кезінде жарақат алған кеншілерге медициналық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

«Қаладағы Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханада 4 кеншіге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Екеуінің жағдайы орташа ауыр. Олар метан газына уланған әрі миы шайқалған», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, ол қаза тапқан кеншілердің отбасына пәтер берілетінін жеткізді.

Ұжымдық шартқа сәйкес, қаза тапқан кеншілердің отбасына материалдық және қаржылық көмек толық көрсетіледі. Оның ішінде 10 жылдық жалақы төленеді және әрбір отбасыға пәтер беріледі әрі кредитті жабу, балаларын оқытуға көмек беріледі, - деді өңір басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама