Бұған дейін ол Мәжілістен кететінін мәлімдеген еді
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
2022 жылғы 25 ақпанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы» қаулы қабылданды.
Конституцияның 52-бабына, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы конституциялық заңның 24-бабы 3 әрі 8-тармақтарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
Бүгін ол Мәжілістен кететінін мәлімдеген болатын.
Бүгін мен Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігімді тоқтатып, әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени-қайырымдылық шараларға толықтай жұмылу туралы шешім қабылдадым, – деген еді ол.
Бұған дейін Дариға Назарбаева еңбек демалысында және коронавирустан кейін оңалту курсын алып жатқаны айтылған болатын. Бұл ақпаратты экс-депутаттың көмекшісі Жанна Ермакова растаған еді.