Келесі жылдан бастап студенттерге 2-3 пайызбен несие беріледі

Дастан Жұмабекұлы

Кредитті оқу ақысын төлеуге ғана алады

фото: ашық дереккөз

Келесі жылдан бастап студенттер оқу ақысын төлеу үшін банктерден 2-3 пайызбен несие ала алады. Бұл туралы бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Үкімет отырысынан соң журналистер министрден оқу ақысын төлеуге 2-3 пайыздық несие қашан берілетінін сұрады.

Келесі жылдан бастап беріледі. Қазір біз қаржыландыру және несие алу моделін мұқият зерттеп жатырмыз. Несиені екінші деңгейлі банктер береді. Студент өз атына 2-3 пайызбен рәсімдей алады, –  деді Саясат Нұрбек.

Сонымен бірге, ол Үкімет отырысында еліміздегі білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау кезінде талантты, көшбасшылық қасиеттері бар мамандардың арасынан менеджерлер резервінің құрылатынын айтты.