×

Елімізде диплом мен аттестат QR-код арқылы беріледі

Әр оқушының цифрлық профилі енгізіледі

 Дастан Жұмабекұлы 01.11.2022 | 12:27
фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Үкімет отырысында білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау кезінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Оның айтуынша, мектептердегі оқулықтарды таңдау мен мониторингілеу цифрлы форматқа көшіріледі. Аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі. Әр оқушының цифрлық профилі енгізіледі. Онда оқушының балабақшадан бастап мектеп немесе колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуметтік жетістіктері, бағалары, құзыреттер картасы қалыптасады.

Осы ретте, министр ең қажет деген қызметтер толығымен eGov пен ірі банктердің мобильді қосымшаларында қамтылатынын айтты.

«Қазір елімізде балабақшаларда балаларды ерте дамытудың жаңа моделі енгізіліп, ондағы бағдарлама да, оқыту әдістері де түбегейлі өзгерді. Сонымен бірге мектептерге арналған жаңа мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары дайындалып жатыр», –  деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама