Halyq Uni логотип
×

Интернет жылдамдығының баяулауы: министр қазақстандықтарды сабырға шақырды

Ол кибершабуылдардың қай елден жасалып жатқанын білмейді

 Дәурен Ерболат 01.11.2022 | 12:04
Интернет жылдамдығының баяулауы: министр қазақстандықтарды сабырға шақырды
Фото: profit.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда интернет жылдамдығының баяулағанын айтып, қазақстандықтарды сабыр сақтауға шақырды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, елде интернеттің баяу жұмыс істеуіне кибершабуылдар себеп.

Кибершабуылды кім жасап жатқанына қатысты ақпарат бере алмаймын. Менде оны кім, неге, қай елдерден жасағанына қатысты ақпарат жоқ. Бұл ақпараттың бәрі сол мекемеде (Мемлекеттік техникалық қызмет, – автор) талқыланып жатыр, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Сондай-ақ ол қазақстандықтарды сабырға шақырды.

Қазақстанда интернет қалай ұстап тұрса, менде де солай ұстап тұр. Біз жұмыс істеп жатырмыз. Кейде техникалық ақау болады. Оны бәріміз сезіп жатырмыз. Бірақ сәл күту керек. Бізде кибершабуылдар көбейіп кетсе, инфрақұрылымымыз құласа, интернет мүлдем жұмыс істемей қалуы мүмкін. Ақаулар болады. Жалпы интернет жұмыс істеп тұр ғой. Оны жоқ деп айтуға болмайды, - деп түйіндеді сөзін министр.

Айта кетейік, бұған дейін Бағдат Мусин интернет жылдамдығы не себепті баяулап қалғанын түсіндірген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама