Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Дәурен Ерболат

Ол бұрын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін басқарған

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Бейбіт Атамқұлов тағайындалды деп хабарлады Ақорда.

«Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстанның Хорватиядағы төтенше және өкілетті елшісі Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстанның Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», - деп жазылған Жарлықта.