Ол бұрын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін басқарған
Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Бейбіт Атамқұлов тағайындалды деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстанның Хорватиядағы төтенше және өкілетті елшісі Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстанның Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», - деп жазылған Жарлықта.