×

38 жыл жазықсыз түрмеде отырған ер адам бостандыққа шықты

Ол өмірбақи бас бостандығынан айырылған

 Дәурен Ерболат 31.10.2022 | 16:32
Фото: news.sky.com

АҚШ-та 38 жыл жазықсыз түрмеде отырған Морис Хастингс бостандыққа шықты деп хабарлады SkyNews.

Қазір ол – 69 жаста. Оған Роберта Вайдермайер есімді әйелді зорлап, өлтірді деген айып тағылған. Оны 1983 жылы басына оқ атып, өлтіріп кеткен. Тексеру барысында әйелдің денесінен шәуеттің (сперма) ізі табылған.  

1988 жылы алқабилер Морис Хастингсті адам өлтіру, тонау және жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ол шартты түрде мерзімінен бұрын бостандаққа шығу мүмкіндігінен де айырылған. 40 жыл бойы Морис Хастинг өзінің кінәсіз екенін айтып, Калифорниядағы түрмеден босатуды сұраған.

2000 жылы ДНҚ қорытындысын қайта жүргізуді талап еткен. Алайда аймақтық прокурор оған рұқсат бермеген. Былтыр ол қайта өтініш берген. Нәтижесінде ДНҚ қорытындысында шәуеттің бұрын қайтыс болған басқа қылмескердікі екені анықталды.

«Хастингс мырзамен болған жағдай әділетсіздік болып саналады. Сот жүйесі мінсіз емес. Айыптау үкіміне күмән келтіретін жаңа дәлелдер пайда болғанда біз тез әрекет етуге міндеттіміз», - деді аймақтық прокурор Джордж Гаскон.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама