×

URKER-2022: «Халық Үні» порталының екі тілшісі жеңімпаз атанды

URKER-2022 ұлттық бәйгесінде Ая Өміртай және Наима Нұрәлі жеңімпаз атанды

 Халық үні 28.10.2022 | 18:42
Фото: Halyq Uni

28 қазанда Астанада баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2022» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға 500-ден астам өтінім келіп түсті. Материалдар 10 номинация және 3 арнайы сыйлық бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиасарапшылар енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

52 үміткердің ішінен «URKER-2022» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік сұхбаты:

Жылдың үздік репортажы:

  • Анар Қоныс – Aikyn.kz

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал:

Жылдың үздік журналистік зерттеуі:

  • Қазбек Құттымұратұлы - «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

  • Валентина Қозыбақова – «Маңғыстау» газеті

Халықаралық тақырыптағы үздік материал:

  • Сауле Исабаева – Qmonitor.kz

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

  • Zakon.kz

Радиостанциядағы үздік жоба:

  • «Ой – түйін» – Qazaq radiosy

Жылдың үздік фотосуреті:

  • Мейірбек Тажкуранов – Zakon.kz

Үздік өңірлік БАҚ:

  • «Saryarqa samaly» газеті

Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия:

  • Әйгерім Бегімбет – Еrnur.kz

Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия:

  • «Қырғыз әдебиеті» жобасы – «Таң-Шолпан» журналы

Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия:

  • Қали Сәрсенбай – «Ана тілі» газеті

Әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «URKER - 2022» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды.

2017 жылдан бастап байқауға барлығы 3377 материал түсті, оның 300-і шорт-парағына енді. «URKER» ескерткіш мүсіншесінің иегерлері 80 адам үздік атанды.

«URKER» - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. 

Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.

Іс-шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК» АҚ және «Хабар» агенттігі» АҚ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама