×

Тоқаев Иранның президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді

 Динара Амантай 28.10.2022 | 17:26
Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жеделхатта президент Иранның Шираз қаласындағы Шахчерағ ғибадатханасында болған лаңкестік әрекеттің салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

 Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылғандарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын, – деп жазылған мемлекет басшысының жеделхатында.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бақилық болғандардың жаны жәннатта болуына, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама