×

Израиль Украинаға Иран дрондарына қарсы жүйе жіберді

Бұл қару - ұшқызсыз ұшатын аппаратты жоюға таптырмайтын құрал

 Дастан Жұмабекұлы 28.10.2022 | 10:30
фото: ашық дереккөз

Израиль Украина Қарулы күштерін Иран дрондарын ұстап алатын Smart Shooter жүйесін жеткізіп берді. Бұл туралы Израильдің «Debka» басылымы хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, стандартты жүйенің биіктігі – 95 см, салмағы 75 келі шамалас, бірақ бұдан да жеңілірек нұсқалары бар. Олардың бәріне пушка мен пулеметтер орнатылған.

Халықаралық қауымдастық Ресейдің Иран камикадзе-дрондарын Украинадағы соғысқа пайдалануларына байланысты Иран мәселесін қайта қарауды ұсынып отыр. Мұны Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Михаил Подоляк өзінің Twitter-дегі парақшасында атап көрсетті.

Израиль жіберген жүйе Иран дрондарын тез анықтап, жойып жіберіп тұруда таптырмайтын құралдардың біріне жатады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама