×

Қажымұқан Мұңайтпасұлының қартайған шағындағы видеосы пайда болды

Видеода күш атасының халық қошеметіне бөленіп тұрғанын байқайсыз

 Халық үні 28.10.2022 | 07:42
фото: inform.kz

Атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының қартайған шағындағы бейнежазбасы жұрт назарына ілікті. Онда күш атасының біраз жасқа келіп қалғаны байқалады, деп хабарлайды exk.kz

Қажымұқат Мұңайтпасұлының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода күш атасының екі қолын көтеріп, халық қошеметіне бөленіп тұрғанын байқайсыз.

Қажымұқан атамыздың қартайған шағы, — деп жазылған бейнежазбаға.

Желідегі жұрт бұл видеоға қатысты түрлі пікір қалдырған. Бірі балуанның ерлігі мен еңбегін үлгі етіп, еске алуға тырысса, енді бірі дене пошымына қатысты ойларын жазған.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезіндегі Қараөткел ауылында дүниеге келген. Бірақ кей деректерде оның 1883 жылы туылғаны айтылады.

Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнаған. Күш атасы осы спорттың бірнеше түрінен әлем чемпионы атанды.

54 мемлекетте сайысқа түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама