×

Бас прокурордың орынбасары казиноға бармайтынын айтты

Әсет Шындалиевтің жалақысы - 1 млн теңге

 Дәурен Ерболат 27.10.2022 | 12:07
Әсет Шындалиев, фото: kaztag.kz

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев тапқан ақшасын отбасының игілігіне жұмсайтынын, казиноға бармайтынын, құмар ойынға жоламайтынын айтты.

Алдымен ол әлеуметтік желіде жарияланған Алматы облысы прокуратурасының хаты бойынша тексеріс жүргізілетінін, кінәлілер жауапқа тартылатынын атап өтті.

Әсет Шындалиев құмар ойынға әуестігі жоғын жеткізді.

Казино ойындары әлеуметтік мәселе ғой. Ол құмарлықтан гөрі ауру шығар. Лудомания деген ғылыми термин бар - психологиялық ауру. Мен (казиноға – авт.) барған жоқпын. Жалақым – 1 млн теңге. Оны отбасына жұмсаймын. Жалақыны басқа қайда жұмсаймын (күліп)? Ешқайда бармаймын, - деді Бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы 305 мемлекеттік қызметкердің құмар ойынға 507 млн теңге жұмсағанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ бұл мәселеге қатысты Жоғарғы сот баспасөз қызметі түсінік беріп, Жоғарғы сот судьяларының да, Жоғарғы сот аппаратының қызметкерлерінің де ол тізімде жоғын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама