×

WhatsApp істемей жатыр

Әлемнің бірнеше елінде пайдаланушылардан шағым түсуде

 Дәурен Ерболат 25.10.2022 | 14:13
Фото: РИА Новости

WhatsApp мессенджерінде хабарлама жіберілмейді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлемдегі пайдаланушылар WhatsApp-та хабарлама жіберілмейтін жатқанын айтып, шағымдануда. Проблема мессенджердің мобильді және веб-нұсқаларында байқалып отыр.

Downdetector.com мәліметінше, мәселе Астана уақытымен түскі сағат 13:00-ден кейін пайда болған. Осыған ұқсас проблемалар Индонезияда, Грецияда, Грузияда және Мозамбикте байқалды.

Telegram-дағы Peopletalk арнасы WhatsApp-тың істемей жатқанын жазды.

Пайдаланушылар мессенджер жұмысында ақау барын хабарлап жатыр. Әртүрлі елдегі пайдаланушылар хабарлама жіберілмей жатқанын айтады, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама