Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекараны бұзған шетелдіктерді ұстады

Динара Амантай

Олар біздің елге Қырғызстан арқылы өткен

Фото: gov.kz

Мемлекеттік шекараны бұзған шетелдіктер ұсталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 22 қазанда «Жасөркен» шекара бөлімшесінің учаскесінде бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан біздің елдің аумағына Мемлекеттік шекараны бұзып өткен төрт шетелдік азаматты ұстаған.

Аталған дерек бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҰҚК Шекара қызметі Алматы қаласының прокуратурасымен бірге Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарын заңсыз өткізу арнасының жолын кескені туралы хабарлаған болатынбыз.