Зардап шеккендердің ең көп саны – тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласында
Жыл басынан бері кәсіпорында 134 жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Биыл 9 айда елдегі кәсіпорындарда 999 адам зардап шекті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға аз. Сондай-ақ 134 адам қаза тапты. Бұл былтырға қарағанда 4,3%-ға төмен, - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Төлеген Оспанқұлов өндірістегі қайғылы оқиғалардың негізгі себебіне тоқталды.
«Зардап шеккендердің өндірістік қауіпсіздікті мүлде елемеуі, өндіріс пен жұмысты қанағаттанарлықсыз деңгейде ұйымдастыру – 34,9%. Жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды, ШҚО, Қостанай облысы, Ақтөбе, Павлодар облысы және Алматыда тіркелді. Экономика салаларының бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны – тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласында», - деді комитет төрағасы.
Айта кетейік, бүгінде кәсіпорындардың жұмысшыларға қарызы 1 млрд теңгеден асады.