Ұлан Тамғабаев жеңіліп көрмеген өзбек файтерінен басым түсті

Халық үні

Кездесу төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды

Фото: instagram.com/tamgabaev92

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ұлан Тамғабаев Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Азияның ең мықты промоушндарының бірі UAE Warriors алаңында алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшының азиялық промоушндағы өзбекке қарсы жекпе-жегі сенсациямен аяқталды.

Тамғабаев өзбекстандық қарсыласы Жавохир Имамовпен кездесті (7:0).

Кездесу төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлан аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, сегіз рет жеңіске жетіп, жеті рет сәтсіздікке ұшыраған.