×

Мәжіліс депутаты Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті

Еділ Жаңбыршин Бас прокуратурадан кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың үстінен қылмыстық і қозғауды талап етті

 Халық үні 21.10.2022 | 01:23
ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қазақ тіліне қатысты дөрекі мәлімдемесінен кейін қазақстандықтардың сынына ұшыраған кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті.

«Шыдамныңда шегі бар! Мухоряпов деген біреу мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде жауап беруді мәдениетсіздікке жатқызыпты. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясын мойындамау және қазақ халқының ар-намысына тию! Сондықтан ел арасында алауыздық туғызып, қазақтардың ар-намысын таптағаны үшін Бас Прокуратура оның үстінен қылмыстық іс қозғауы керек! Мәжіліс депутаты ретінде осыны талап етемін! Шыдамныңда шегі бар, енді тек бұлардың басымызға отыруы қалды!», – деп жазды депутат әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, кәсіпкер «егер сіз орысша сұрап, сізге қазақша жауап берсе, ол ұлтшылдық әрі төмен мәдениеттің белгісі» деген сөзі үшін басы дауға қалды. Қазақстандықтар Мухоряповтың өнімдеріне бойкот жариялауды ұсынып жатыр. Choco холдингінің басшысы Рамиль Мухоряпов қазақ тіліне қатысты даулы мәлімдемесі үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама