Halyq Uni логотип
×

Қазақстан тарихында тұңғыш рет президенттікке бірден екі әйел үміткер болды

Салтанат Тұрсынбекова президенттік кандидат ретінде тіркелді

 Халық үні 20.10.2022 | 15:24
Қазақстан тарихында тұңғыш рет президенттікке бірден екі әйел үміткер болды
Фото: ашық дереккөз

Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеді. Бұл туралы комиссиясының кезекті отырысында хабарланды.

«Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова қолдауына Қазақстанның 18 өңірінен 119 316 азаматтың қолы жиналды. Оның ішінде 119 316-сы түгел тексеріліп, 118 434-і анық деп танылды. Яғни, қажетті саны қамтамасыз етілді. Салтанат Тұрсынбекованы президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжат Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды. Оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді», - деді ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Осылайша, Салтанат Тұрсынбекова 20 қарашада өтетін ҚР президентін кезектен тыс сайлауға кандидат ретінде ресми тіркелді.

Оны Қазақстан президенттігіне «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.

Айта кетейік, лингвистикалық комиссияның 12 қазандағы қорытындысы бойынша Тұрсынбекова мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Салтанат Тұрсынбекова Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында қазірге дейін ешқандай лауазымды қызметке ұмтылмағанын айтты.

Осы күнге дейін лауазымға таласқан емеспін. Мемлекеттік қызметтен кетіп, бес жылдан бері қоғамдық жұмыспен белсенді айналысып жүрмін, - деді ол.

Бұған дейін Қарақат Әбден Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркелді.

Қарақат Әбденді Қазақстан президенттігіне «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.

Кандидаттың мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесі – 9 жыл, 1 ай.

Лингвистикалық комиссияның 10 қазандағы қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама