×

Елімізде ресейлік ЖОО-лардың филиалын ашуға қатысты үкімет қаулысы қабылданды

Ресейде де бірқатар қазақстандық ЖОО-ның филиалдары ашылмақ

 Ербол Тұрымбет 23.02.2022 | 10:27
коллаж: Halyq Uni

Ресейде қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары құрылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінен хабарланды. 

Ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату және білім беру сапасын қамтамасыз ету, техникалық бағыттағы кадрларды даярлау мақсатында ҚР үкіметі мен РФ үкіметі арасында Ресейде Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстанда ресейлік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың қызметі туралы келісімге қол қою туралы қаулы қабылданды.

Келісімде екі елдің заңнамасына сәйкес тең негіздегі филиалдар құрылатыны көзделген. Сондай-ақ филиалдарды ашу кезінде қосарланған лицензия алу жүзеге асырылады.

Оқыту білім беру бағдарламалары шеңберінде филиалдар орналасқан елдің тілі мен тарихын міндетті түрде меңгеру арқылы, екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін.

Филиалдарда мемлекеттік бақылау және аккредиттеу Қазақстан және Ресей заңнамасына сәйкес іске асырылмақ.

Бұған дейін Ресейдің жетекші техникалық университеттері «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне енді.

​Тізімге барлығы 27 елден 200-ден астам университет енгізілген. Енді техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын тізімге ресейлік ЖОО-лардан Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, «MИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама