Атбасарда деструктивті діни ағым жақтаушыларына тиесілі майнинг фермасы анықталды
Ақмола облысындағы ферма жойылды
Ақмола облысында майнинг фермасы жойылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ақмола облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Ақмола облысының Атбасар қаласында деструктивті діни ағым жақтаушыларына тиесілі майнинг фермасын анықтады, – дейді ҚМА.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аумақты тінту кезінде криптовалютаны генерациялауға қолдану үшін пайдаланылатын жабдық, 20 бірлік шифрлау кешені мен видеокарталар табылды.
Бұған дейін Президент Қазақстандағы майнинг фермаларын анықтауды тапсырды. Үкімет «сұр майнерлермен» қалай күресетінін айтты. Елімізде бес күнде 13 майнинг фермасы анықталды. Елордада майнинг фермасы электр желісіне заңсыз қосылғаны белгілі болды. Сондай-ақ Алматы облысында мемлекетке 131 млн теңге залал келтірген майнинг фермасы әшкереленді.