Қазақстанның білім жүйесі мен медицинасына сенемін – Әлихан Смайылов
Премьер-министрдің балалары мемлекеттік мектепте білім алады
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов балаларының мемлекеттік мектепте білім алатынын, жұбайы екеуі елімізде емделетінін айтты.
Әрине, мен Қазақстанның білім беру жүйесіне, денсаулық сақтау саласына сенемін. Жұбайым екеуміз Қазақстанда емделеміз. Мен Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алдым. Балаларым Астанадағы мемлекеттік мектепте оқиды, - деді премьер-министр Мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін премьер-министрдің кеңсесі Halyq Uni жолдаған ресми сауалға жауап беріп, Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың мектеп жасындағы екі баласы барын, олардың коммерциялық емес дербес білім беру ұйымында оқитынын айтқан еді.