×

Мәскеуде ішінара мобилизация аяқталды

Жұмылдыру пункттері 17 қазан күні жергілікті уақыты бойынша сағат 14.00-де жабылды

 Дастан Жұмабекұлы 18.10.2022 | 10:01
фото: ашық дереккөз

Мәскеуде әскерге ішінара жұмылдыру аяқталды. Енді жіберілген шақырулар енді жарамсыз болып қалады.

«Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  бұл туралы Мәскеу мэрі Сергей Собянин хабарлап ішінара жұмылдыру бойынша тапсырмалар толық көлемде орындалғанын айтқан.

Осыған байланысты жұмылдыру пункттері 17 қазан күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 14.00-де жабылды.

Собянин жұмылдыру көптеген мәскеулік отбасылар үшін үлкен сынақ болғанын, бірақ қойылған міндеттерді орындау қала тұрғындарының жауапкершілігі мен патриотизмінің арқасында мүмкін болғанын атап өткен.

21 қыркүйекте президент Владимир Путиннің жарлығымен Ресейде ішінара жұмылдыру туралы жарлық жарияланды. Оған әскери қызметте тәжірибесі бар, әскерлер арасында сұранысқа ие әскери есепке алу мамандықтары бар запастағы әскерилер шақырылатыны мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама