×

Жамбылдық тұрғындар жолды өздері жөндеуге кірісті

Жолдың мәселесі осы соңғы 5-6 жылда ешқандай жол жөндеуден өткен жоқ, дейді тұрғындар

 Халық үні 17.10.2022 | 22:37
фото: egemen.kz

Тұрар Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылының азаматтары қаражат жинап, 10 шақырым жолдың ой-шұқырын жамап алған. Қайыңды ауылының көшелері жөндеу көрмегеніне - 6 жылдан асыпты, деп хабарлайды Qazaqstan.tv. 

Қаржы бөліп, қарастырамыз деген екі әкім де ауысып кеткен. Ақыры тұрғындар, жылу жинап, жолдың мәселесін өздері шешуге кіріскен. Солардың қатарында, ауылдың белсенді азаматы - Айдын Баққожаев та бар. Жастардың басын қосып 3 күнде шұқырларды тегістеп алдық дейді ол.

«Жолдың мәселесі осы соңғы 5-6 жылда ешқандай жол жөндеуден өткен жоқ. Ой-шұқыр, әкімдер де ауысып жатыр айтамыз, талабымызды жеткіземіз бірақ ешқандай атқарылып жатқан іс көрмедік. Сомен халық өздері ақша жинап әр үй, жеке қожалықтар, ауылдың жастары көтеріліп осындай іс-шаралар жасадық. Шұқырларды бітедік, жолды тегістедік», - дейді Қайыңды ауылының тұрғыны Айдын Баққожаев. 

Ауыл әкімінің айтуынша, былтыр ауданға ұсыныс беріліп, сметалық құжаттары дайындалған. Бірақ былтыр жөндеу жұмыстары қаржы тапшылығына байланысты шегерілсе, биыл құрылысына қажет «битум» қымбаттап, келер жылға қалып отыр дейді.

«21 жылы жоспарда болған, бюджетке кіргізілген. Одан 2022 жылы істелетін болып қалды да битуиның қымбаттығына байланысты тағы да өзгерістер негізіп, 2023-ке жылжытты»,- дейді «Қайыңды» ауылдық округінің әкімі Азамат Асанбай. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама