×

Астанада EXPO аумағында өрт шықты

Бірінші қабаттағы кеңседе өрт шықты

 Халық үні 16.10.2022 | 20:55
Фото: t.me / myastanacity

Астанада EXPO аумағындағы кеңсе өртенді. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Өрт сағат 16:22 шамасында Есіл ауданында Мәңгілік Ел даңғылы 53/2 мекен-жайында басталған.

Бірінші қабаттағы кеңседе өрт шықты. Оқиға орнына дереу Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 40 адамы мен ТЖД 9 техникасы жіберілді. Сағат 16:44-те өрт оқшауланды, - деді Иманқұлов.

Өрт сөндірушілер мұрағат бөлмесіндегі жиһаздар мен құжаттардың жалпы ауданы 40 шаршы метрге жуық өртенгенін анықтады.

Сағат 17:19-да өрт сөндірілді. Бірақ біздің мамандар оқиға орнында өрттің қайта тұтануының алдын алу үшін жұмыс істеп жатыр, - деді Иманқұлов.

Астана қаласы ТЖД мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама