×

Павлодарда 2 оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

Оқушыларды ауруханаға жатқызуға ешқандай себеп болмағандықтан, дәрігерлердің қарауынан кейін олар үйлеріне жіберілді

 Халық үні 15.10.2022 | 06:33
ашық дереккөзден

Павлодарда екі оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жасөспірімдердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, зардап шеккендер 2008 және 2009 жылы туған жасөспірімдер жедел жәрдеммен облыстық балалар аурухнасына 14 қазанда  16:55-те жеткізілді.

«Балалардың бірінде оң қолдың саусақтары, екіншісінде мойын, зигоматикалық және оксипитальды аймақтарының жарақаты мен білегі кесілген», - делінген хабарламада.

Оқушыларды ауруханаға жатқызуға ешқандай себеп болмағандықтан, дәрігерлердің қарауынан кейін олар үйлеріне жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама