Алматыда заңгер әйелді өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды
Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында 1971 жылы туған Н. есімді азамат ұсталды
Алматы қаласында жедел-іздестіру шарасы барысында заңгер әйелді өлтірді деген күдікпен 1971 жылы туған Н. есімді азамат ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
«Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында 1971 жылы туған Н. есімді азамат ұсталды. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жалғасуда»,- делінген хабарламада.
Бұрын хабарланғандай, тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.
Айта кетейік, бұған дейін заңгерді өлтірді деген күдікпен оның күйеуі іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.