Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Рудныйда жалған доллар жасап, сатумен айналысқан бір топ адам ұсталды деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалған 100 долларлық купюраны сатумен айналысқан бір топ адамды анықтады.
Облыс аумағында жалған валютаны кезекті рет сатуға әрекеттенген күдіктілер Рудный қаласында ұсталды. Олардан жалған шетел валютасы анықталды. Қылмысқа қатысы бар адамның үйін тінту барысында ірі көлемдегі жалған ақша табылды. Тәркіленген жалған қаражаттың жалпы сомасы – 28 мың 100 доллар (13 млн 378 мың 828 теңге, 1 доллар – 476 теңге), - деп жазылған хабарламада.
Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.