Түрікменстанда әлеуметтік желі жабылады

Дастан Жұмабекұлы

Оның орнына әлемнен оқшауланған интернет пайда болады

фото: turkmen.news

Түрікменстан билігі жақында бір млрд-тан астам IP мекенжайын бұғаттады.

Қазір Түрікменстанда  Facebook, Instagram, Twitter, VKontakte әлеуметтік желілері, Youtube, сондай-ақ Батыс елдерінің барлық жаңалықтар сайтына кіру бұғатталды.

БАҚ-тың хабарлауынша, билік жер-жүзінен оқшауланған өз интернетін құрғысы келеді.

Turkmen.news редакциясы Түрікменстанның 2022-2025 жылдарға арналған киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның көшірмесінің жасалып жатқанын хабарлады.

Үкімет білікті мамандарды дайындауды күшейтуді, азаматтармен түсіндірме әңгіме жүргізуді және киберқауіпсіздік бойынша байқаулар өткізуді жоспарлап отыр.