Оның орнына әлемнен оқшауланған интернет пайда болады
Түрікменстан билігі жақында бір млрд-тан астам IP мекенжайын бұғаттады.
Қазір Түрікменстанда Facebook, Instagram, Twitter, VKontakte әлеуметтік желілері, Youtube, сондай-ақ Батыс елдерінің барлық жаңалықтар сайтына кіру бұғатталды.
БАҚ-тың хабарлауынша, билік жер-жүзінен оқшауланған өз интернетін құрғысы келеді.
Turkmen.news редакциясы Түрікменстанның 2022-2025 жылдарға арналған киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның көшірмесінің жасалып жатқанын хабарлады.
Үкімет білікті мамандарды дайындауды күшейтуді, азаматтармен түсіндірме әңгіме жүргізуді және киберқауіпсіздік бойынша байқаулар өткізуді жоспарлап отыр.