×

Жаңаөзенде 3 күн бұрын із-түзсіз жоғалған 22 жастағы бойжеткен табылды

22 жастағы бойжеткен әкесі мен інісі түнгі ауысымдағы жұмысына кеткенде хат жазып қалдырып, кейін белгісіз жаққа кетіп қалған

 Халық үні 11.10.2022 | 08:29
Фото: lada.kz

Жаңаөзенде үш күн бұрын жоғалып кеткен қыз үйіне аман-есен оралды, деп хабарлайды Экспресс К

7 қазаннан бері хабар-ошарсыз жоғалған Әйгерім Ыланбаева үйіне оралды. Бұл туралы оның нағашы әпкесі мәлімдеді.

Үш күн бұрын хабарсыз кеткен сіңліміз аман-есен табылды. Үш күн бойы Жаңаөзеннің 2 ықшамауданындағы үйлердің бірінде болыпты. Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршаған. Сондықтан осындай қадамға барыпты, -  деді Айдана Нұрадинова.

Үш күн бұрын із-түзсіз жоғалған Әйгерім Ыланбаеваны полиция іздестірді. Кейін жақындары оның соңғы кездері отбасында қиындықтарға тап болғанын айтқан.

Әйгерім Ыланбаева бұрын балабақшада жұмыс істеген. 22 жастағы бойжеткен әкесі мен інісі түнгі ауысымдағы жұмысына кеткенде хат жазып қалдырып, кейін белгісіз жаққа кетіп қалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама